Басты жаңалықЖаңалықтар

Ақжарда жаңа спорт кешені ашылды

Тарбағатай ауданының орталығы Ақжар ауылында жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешені пайдалануға берілді.

Салтанатты ашылу рәсіміне облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов пен Парламент Мәжілісінің депутаты Ерлан Саиров қатысты. Нысан «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында салынды.

Облыс әкімі жаңа кешеннің жастардың спортпен тұрақты айналысуына жол ашатынын атап өтті. Сондай-ақ ауданға шағын автобустың сертификатын табыс етті.

Жалпы аумағы 1200 шаршы метрден асатын кешенде волейбол, баскетбол, шағын футбол, теннис, бадминтон, бокс, қазақ күресі және ауыр атлетикамен айналысуға мүмкіндік бар. Спорт залдары қажетті құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілген.

Ғимаратта киім ауыстыру және жуыну бөлмелері, дәрігер кабинеті мен жаттықтырушыларға арналған арнайы бөлмелер қарастырылған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button