Басты жаңалықЖаңалықтар

Тарбағатайда жаңа оңалту орталығы ашылуы мүмкін

Тарбағатай ауданында медициналық және әлеуметтік қызметтердің сапасын арттыру бағытындағы жұмыстар жалғасып жатыр.

Қазіргі таңда аудан тұрғындарына бір аудандық аурухана, жеті дәрігерлік амбулатория және 19 медициналық пункт қызмет көрсетеді.

– Биыл Ақжар аудандық ауруханасының инженерлік желілері мен мәйітхана ғимараты жаңартылып, емхана бөлімшесінде күрделі жөндеу жүргізіліп жатыр, – деді аудандық аурухана басшысының орынбасары Айнұр Ахмолдина.

Сонымен қатар ауданда стационарлық арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығын ашу мәселесі қарастырылып жатыр. Жоба бұрынғы фтизиопульмонологиялық аурухана ғимараты базасында жүзеге аспақ.

Жаңа орталық мүмкіндігі шектеулі азаматтарға, психоневрологиялық сырқаты бар балалар мен ересектерге, сондай-ақ ұзақ мерзімді оңалтуды қажет ететін тұрғындарға қызмет көрсетуге бағытталады. Мұнда оңалту шаралары, физиотерапия, психологиялық және әлеуметтік қолдау қызметтері көрсетіледі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button