Басты жаңалықЖаңалықтар
Жаңа трамвайлар қашан жолға шығады?–Өскемен

Өскеменге жеткізілген жаңа трамвайлар ертеңнен бастап жолаушылар тасымалдай бастайды.
Бүгін қала көшелерінде үш жаңа вагонның сынақ сапары өтті. Сары, күлгін және көгілдір түсті трамвайлар облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов пен қала әкімі Алмат Ақышовқа таныстырылды.
«Өскемен көлік компаниясы» басшысы Денис Федченконың айтуынша, сынақ сапары сәтті өткен. Сондықтан жаңа трамвайлар 6 маусымнан бастап тұрақты бағыттарға шығады.
Жаңа вагондар GPS жүйесімен, заманауи тежеу құрылғысымен, кондиционерлермен және мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған пандустармен жабдықталған.



