ДенсаулықЖаңалықтар
Күршімде қандай дәрігерлер тапшы?

Күршім ауданында денсаулық сақтау саласында бірқатар оң көрсеткіштер байқалады. Биылғы жылдың алғашқы төрт айында 31 сәби дүниеге келіп, ана мен бала өлімі тіркелмеген.
Алайда ауданда кадр тапшылығы мәселесі бар. Қазіргі таңда жалпы тәжірибелік дәрігер, офтальмолог, кардиолог және эндокринолог мамандары жетіспейді. Ал кейбір қызметтерде зейнет жасындағы дәрігерлер еңбек етіп жүр.
Соған қарамастан соңғы уақытта қан тамыры ауруларынан болатын өлім-жітім мен туберкулезге шалдығу көрсеткіші төмендеген. Туберкулезден қайтыс болғандар тіркелмеген. Сонымен қатар тұрғындарға 35,8 миллион теңгенің тегін дәрі-дәрмегі таратылды.



