Басты жаңалықЖаңалықтар
Зайсан көлінде демалыс аймағы ашыла ма?
Зайсан көлінің жағалауынан жаңа жазғы демалыс аймағын ашу жоспарланып жатыр.
Туристік нысан Байтоғас ауылының маңында орналасуы мүмкін. Болашақ демалыс аймағына арналған бас жоспар дайын.
Қазір жобаны жүзеге асыру үшін инвесторлар тарту көзделіп отыр. Бұл ретте жергілікті кәсіпкерлерге басымдық беріледі. Сонымен қатар демалыс аймағындағы ғимараттар бірыңғай сәулет стилінде салынып, заманауи туристік кешен қалыптастыру жоспарланған.



