Басты жаңалықЖаңалықтарМәдениет
Өскеменде жанды музыка, тегін концерт

18-21 маусым аралығында Республика алаңында ашық аспан астында тегін концерттер ұйымдастырылады.
Концерттік бағдарламаларды облыстық филармонияның өнер ұжымдары ұсынады. 18 маусым күні кешті «Big Band» джаз оркестрі ашады. 19 маусымда Байжігіт атындағы қазақ халық аспаптар оркестрі өнер көрсетеді.
20 маусымда көрермендер «San Remo-ның алтын хиттерін» тыңдай алады. Ал 21 маусымда «Alem Sazy» ансамблі концерттер сериясын қорытындылайды.
Барлық концерттер сағат 20:00-де басталады.



