Басты жаңалықЖаңалықтар
Зайсанға бір жылда қанша турист келеді?

Зайсан ауданы туристер көп келетін өңірлердің біріне айналып келе жатыр. Былтыр ауданға шамамен 20 мың адам келген.
Мамандардың айтуынша, туристер саны жыл сайын артып жатыр. Бұған ауданның көркем табиғаты, демалыс орындарының көбеюі және туристерге жасалып жатқан жағдайлар әсер етуде.
Биылдың өзінде алғашқы үш айда Зайсанға 4800-ге жуық қонақ келген. Сонымен қатар ауданның Қытаймен шекарада орналасуы да туристік ағынның өсуіне ықпал етіп отыр.
Қазір Зайсан мен Қытайдың Цзимунай қаласы арасында тұрақты автобус қатынасы бар. Жаз айларында екі бағыт бойынша күніне алты рейске дейін қатынайды. Ал халықаралық бағыттағы жолаушылар саны тәулігіне 1200 адамға дейін жетеді.



