Жаңалықтар
Қазақстанда жаңа үлгідегі төлқұжат әзірленіп жатыр

Төлқұжаттың жаңа дизайны дайындалып жатыр. Бұл жұмыспен Ішкі істер министрлігі айналысуда.
Әзірге оның қашан қолданысқа енгізілетіні және қандай болатыны нақты айтылған жоқ.
Ең бастысы – қазіргі төлқұжаттарды ауыстырудың қажеті жоқ. Оларды жарамдылық мерзімі аяқталғанға дейін қолдануға болады.
Айта кетейік, қазір төлқұжат рәсімдеу құны:
36 бет – 34 600 теңге;
48 бет – 51 900 теңге;
24 бет (16 жасқа дейінгі балаларға) – 17 300 теңге.



