Жаңалықтар
ШҚО медицинасы халықаралық деңгейге қадам басты

Облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов Израильдің MVI Medical Center медициналық-білім беру орталығының басшысы Наталья Хедватпен кездесті.
Кездесуде өңірдегі денсаулық сақтау саласын дамыту, дәрігерлерді шетелде оқыту, олардың біліктілігін арттыру және медицинаға заманауи цифрлық технологияларды енгізу мәселелері талқыланды.
Айта кетейік, өңірдің медицина мамандары жыл сайын шетелде тәжірибе жинақтайды. Жақында ғана бір топ дәрігер Германиядағы оқу бағдарламасынан оралды.
Сондай-ақ өңірде салынып жатқан 300 орындық аурухана, онкологиялық орталық және жаңа Гематология орталығы үшін мамандарды халықаралық бағдарламалар арқылы даярлау жоспарланып отыр.



