ДенсаулықЖаңалықтар

Өскеменде Ашық есік күні өтеді

18 шілде күні облыстық Көпсалалы онкология және хирургия орталығында ашық есік күні ұйымдастырылады. Шара сағат 09:00-ден 13:00-ге дейін өтеді.

Бұл күні тұрғындар саркоманы ерте анықтау және оның алдын алу бойынша жетекші мамандардан тегін кеңес ала алады. Қажет болған жағдайда қосымша медициналық тексерулер де жүргізіледі.

Өзіңізбен бірге жеке куәлігіңізді және бұрынғы тексерулердің нәтижелерін (УДЗ, КТ, МРТ, рентген қорытындылары немесе медициналық картаны) алып барған жөн.

Мекенжайы: Потанин көшесі, 6, 1-ғимарат, консультативтік-диагностикалық бөлім.

Анықтама телефондары: +7 (7232) 20-89-97, +7 771 944-48-08.

Басқа жаңалықтар

Back to top button