ЖаңалықтарСпорт
«Алтай Өскемен» Премьер-лигада маңызды жеңіске жетті

Нұрымбет Сақтағанов Қазақстан Премьер-лигасының 16-туры матчында Қостанайдың «Тобылын» өз алаңында жеңген «Алтай Өскемен» футбол клубын құттықтады.
Өңір басшысы команданың осы жолы да қайсар мінез, табандылық пен жеңіске деген жігер танытқанын атап өтті. Элгуджа Лобжанидзе соққан жалғыз гол «Алтай Өскеменге» 1:0 есебі бойынша лайықты жеңіс пен чемпионаттағы маңызды үш ұпайды сыйлады.
Облыс әкімі жанкүйерлерге де ерекше алғыс білдіріп, жерлестердің қолдауы маңызды рөл атқаратынын айтты.
«Бүгін стадионда ерекше атмосфера болды. Жанкүйерлердің қолдауы командаға күш-жігер сыйлап, ойыншыларды жаңа жетістіктерге жігерлендіреді», – деді өңір басшысы.



