Басты жаңалық
Енді алимент арнайы шотқа түседі

Қазақстанда алимент төлеу тәртібіне өзгеріс енгізілді. Енді бұл қаражат арнайы ашылған банк шотына аударылатын болады.
Жаңа тәртіптің мақсаты – ақшаның тек баланың немесе еңбекке қабілетсіз адамның қажеттілігіне жұмсалуын қамтамасыз ету.
Ол үшін алимент алушы арнайы шот ашып, оның деректемелерін жеке сот орындаушысына тапсыруы қажет.
Айта кетейік, арнайы шот ашылмаса, алимент төлеу міндеті жойылмайды. Алайда шоттың деректемелері ұсынылғанға дейін өндірілген қаражат алушыға аударылмайды.



