Басты жаңалықЖаңалықтар
Өскеменде әскери қызметші іздестіріліп жатыр

Өскемен гарнизонының Әскери полиция бөлімі мерзімді әскери қызмет атқарып жүрген сарбаздың іздестіріліп жатқанын хабарлады.
Мәліметке сәйкес, 23 шілде күні таңғы сағат 06:30 шамасында 2004 жылы туған қатардағы жауынгер Мархан А.Е. қызмет өткеру орнын өз еркімен тастап кеткен. Оның жанында қару болмаған.
Егер сарбаздың қайда жүргені туралы қандай да бір ақпарат білсеңіз, төмендегі телефон нөміріне хабарласыңыз:
8 (7232) 62-34-15
8-705-508-39-39
8-775-553-53-35



