Басты жаңалықЖаңалықтар

ШҚО-да дрондар да қауіпсіздікті бақылайды

Облыстық Полиция департаменті қоғамдық қауіпсіздікті күшейту мақсатында дауыс күшейткіші бар 10 жаңа дронды пайдалануға берді.

Жаңа дрондар алғашқы рейстерін базарлар, сауда орындары мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінде өткізді. Әуеден арнайы дыбыстық хабарламалар таратылып, тұрғындарға қоғамдық тәртіпті сақтау, жеке мүліктеріне мұқият болу және заң талаптарын орындау қажеттігі ескертілді.

Полицияның мәліметінше, дрондар тек ескерту жасау үшін ғана емес, жол қозғалысы қауіпсіздігін бақылауға, аулалар мен адам көп жиналатын орындарды патрульдеуге, профилактикалық шаралар өткізуге, сондай-ақ іздестіру жұмыстары мен жедел жағдайды әуеден бақылауға да пайдаланылады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button