Басты жаңалықЖаңалықтар
ONAY! қызмет көрсету орталығы жаңа мекенжайға көшті

Бүгіннен бастап ONAY! халыққа қызмет көрсету орталығының мекенжайы өзгерді. Қала әкімдігінің мәліметінше, бұған дейін Шәкәрім даңғылы, 171 және Жібек жолы көшесі, 3 (Жастар орталығы) мекенжайларында жұмыс істеген кеңселердің қызметі тоқтатылды.
Енді жолаушыларға қызмет көрсету Қабанбай батыр көшесі, 140/1 мекенжайында орналасқан жаңа кеңседе жүргізіледі. Ол «Еуразия» сауда үйінің артында орналасқан.
Қала тұрғындары ONAY! картасына қатысты барлық қызметті енді осы жаңа мекенжай бойынша ала алады.



