Алаяқтардың жаңа айласына алданып қалмаңыз!

Облыстық Полиция департаменті тұрғындарға интернет-алаяқтықтың жаңа тәсілі туралы ескерту жасады.
Енді алаяқтар телефонды бұзып кірмейді. Олар сіздің асығыстығыңыз бен сенгіштігіңізді пайдаланады.
Телефоныңызға eSIM рәсімдеу немесе ұялы байланыс операторының жеке кабинетіне кіру туралы сұраулар қайта-қайта келуі мүмкін. Мақсаты – сізді жаңылыстырып, байқамай «Растау» батырмасын бастыру.
Егер мұндай сұрауды растасаңыз, алаяқтар телефон нөміріңізді өз бақылауына алып, банк қосымшаларыңызға, әлеуметтік желілеріңізге және басқа да жеке аккаунттарыңызға қол жеткізуі мүмкін.
Не істеу керек?
-Өзіңіз сұратпаған хабарламаларды ешқашан растамаңыз.
-Ешқандай батырманы баспаңыз.
-Бірден ұялы байланыс операторының ресми байланыс орталығына хабарласып, аккаунтыңыздың қауіпсіздігін тексеріңіз.
Қырағылық танытып, жақындарыңызға да осы ақпаратты жеткізіңіз.



