Абай ескерткішіне гүл шоқтары қойылды-Өскемен

Өскеменде Абай күніне орай ұлы ақын Абай Құнанбайұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.
Іс-шара Орталық алаңда ұйымдастырылды. Оған қоғам және шығармашылық саласының өкілдері, мемлекеттік қызметкерлер мен қала тұрғындары қатысты.
Жиын Шығыс Қазақстан облыстық драма және оперетта театры әртістерінің қойылымымен басталды. Абайдың өлеңдері мен әндері орындалды. Облыстық филармонияның солистері «Желсіз түнде жарық ай» әнін орындады.
Облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов тұрғындарды Абай күнімен құттықтады. Ол Абайдың халқына білім мен жақсы қасиеттерге ұмтылуды, жаман әдеттерден аулақ болуды өсиет еткенін атап өтті.
Салтанатты шараға қатысушылар ақын ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, Абайдың рухына тағзым етті.
Іс-шара соңында филармония әншілері «Айттым сәлем, Қаламқас» әнін орындады.



