Басты жаңалықЖаңалықтар

Жемқорлық туралы хабарла да, 17 миллион сыйақы ал!

Қазақстанда сыбайлас жемқорлық фактісі туралы хабарлаған азаматтарға қомақты сыйақы қарастырылған. Оның мөлшері 17,3 миллион теңгеге дейін жетуі мүмкін.

Алайда жай ғана ақпарат беру жеткіліксіз. Хабарланған дерек міндетті түрде расталып, оның негізінде іс қозғалып, шешім қабылдануы қажет.

Сыйақы мөлшері істің сипатына және келтірілген залал көлеміне байланысты белгіленеді. Яғни сыбайлас жемқорлық туралы хабарлаған әр адамға бірден 17 миллион теңге төленбейді.

Сыйақы алу үшін хабарлама тиісті органдарға беріліп, ақпараттың шынайылығы дәлелденуі керек.

Басқа жаңалықтар

Back to top button