ЖаңалықтарҚылмыс

Қос азаматтыққа қатысты 35 адам жауапқа тартылды-ШҚО

Шығыс Қазақстан облысында қос азаматтыққа қатысты заң талаптарын бұзған 35 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Полицияның мәліметінше, жыл басынан бері өңірде 550-ден астам адамның Қазақстан азаматтығын жоғалтқаны анықталған. Олардың көбі басқа мемлекеттің азаматтығын алған.

Алайда кейбір азаматтар шетел азаматтығын алғанын тиісті органдарға хабарламай, Қазақстанның паспорты мен жеке куәлігін пайдалануды жалғастырған.

Тексеру нәтижесінде 26 адам шетел азаматтығын алғаны туралы уақытында хабарламаған, ал тағы 9 азамат Қазақстанның паспорты немесе жеке куәлігін пайдаланғаны анықталған.

Мысалы, Өскемен қаласының 64 жастағы тұрғыны басқа мемлекеттің азаматтығын алғанымен, бұл туралы уақтылы хабарламаған. Сонымен қатар Қазақстан құжаттарын пайдалануды жалғастырған. Тексеру кезінде оның құжаттары тәркіленіп, Қазақстан азаматтығын жоғалтқаны тіркелді.

Полиция азаматтарға шетел азаматтығын алған жағдайда бұл туралы көші-қон қызметіне уақытында хабарлап, Қазақстан құжаттарын тапсыру қажет екенін ескертеді. Қазақстан заңнамасында қос азаматтыққа жол берілмейді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button