Спорт
Басты тақырып

«Әулие-ата» — қазақ көкпарының 16 дүркін чемпионы

Талдықорғанда өткен көкпардан ересектер арасындағы Қазақстан Республикасының XXV чемпионаты Жамбыл облысы құрамасының жеңісімен аяқталды. 1–9 мамыр аралығында өткен ел біріншілігінде Қазақстанның әр өңірінен келген 19 команда тоғыз күн бойы бас жүлде үшін бәсекеге түсті, деп хабарлайды Shygyslife.kz.

Чемпиондық атақ сарапқа салынған шешуші кездесуде Жамбыл облысының «Әулие-ата» командасы мен Шымкент қаласының құрамасы кездесті. Жартылай финалда Алматы облысын 2:1 есебімен жеңген жамбылдықтар ақтық сында да қарқынын бәсеңдетпей, Шымкент командасынан 6:0 есебімен басым түсті.

Осылайша «Әулие-ата» Қазақстан чемпионатындағы 16-шы алтын жүлдесін иеленіп, ел көкпарындағы көшбасшылық мәртебесін тағы бір мәрте дәлелдеді. Он алты дүркін чемпион атану — бір жарыстың нәтижесі ғана емес, жылдар бойы қалыптасқан көкпар мектебі мен жүйелі дайындықтың жемісі.

Күміс жүлдені Шымкент қаласының құрамасы еншілесе, Алматы облысы қола жүлдеге ие болды. Қостанай облысының командасы үздік төрттікті түйіндеді.

Бас демеуші: «Самұрық-Қазына» қоры
Бас серіктес: Спортты қолдау қоры

Басқа жаңалықтар

Back to top button