ЖаңалықтарСпорт

Өскеменде семсерлесуден чемпионат басталды

Өскеменде семсерлесуден 23 жасқа дейінгі спортшылар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты басталды.

24-30 тамыз аралығында өтетін чемпионатқа Астана, Алматы, Шымкент қалалары және Ақтөбе, Алматы, Қарағанды, Абай, Шығыс Қазақстан облыстарынан келген үздік семсерлесушілер қатысып жатыр.

Спортшылар семсерлесудің үш түрі – семсер, қылыш және рапира бойынша жеке және командалық сайыстарда бақ сынайды. Кеше ерлер арасында семсерден жеке сайыстар өтіп, жеңімпаздар анықталды.

Нәтижесінде Ақтөбе облысының спортшысы Александр Федотов чемпион атанды. Екінші орын Алматы қаласының өкілі Нұржан Абжановқа бұйырды. Үшінші орындарды Шымкенттен Нұрмұхамед Балтабай мен Шығыс Қазақстан облысының спортшысы Богдан Лукин иеленді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл чемпионат жас спортшылар үшін маңызды жарыстардың бірі. Қатысушылар өз шеберлігін көрсетіп, ұлттық құрама сапына енуге мүмкіндік алады.

Айта кетейік, жарысты тамашалауға кіру тегін.

Басқа жаңалықтар

Back to top button