Жаңалықтар

Осы аптада кинотеатрларда не көруге болады?

Осы аптада кинотеатрларда көрермен назарына түрлі жанрдағы жаңа фильмдер ұсынылады. Комедия, драма, триллер, қорқынышты фильмдер мен боевиктерден бөлек, балаларға арналған мультфильмдер де бар. Ал прокаттағы танымал туындылардың көрсетілімі әлі де жалғасып жатыр.

Жаңа премьералар

Осы аптада драма жанрын ұнататындар үшін «Қара алтын», «38. Соңғы нүкте» және «Жарығым-ай» сынды қазақстандық туындылар ұсынылады. Сонымен қатар, «Практическая магия 2» шетелдік фильмін тамашалауға болады.

Шиеленісті сюжет пен үрейлі көріністерді іздеген көрермендерге «Бүркітші», «Астрал 6: Они уже здесь» және «Вышка 2:Мертвая точка» фильмдері ұсынылады.

Боевик жанрындағы фильмдер қатарында «Крушение рейса»,«Надежда» мен «Мятеж» бар. Бірі фантастика элементтерімен ерекшеленсе, екіншісі триллерге жақын, шиеленісті оқиғаларға толы.

Кішкентай көрермендер үшін де кинода бірнеше мультфильм көрсетіліп жатыр.

Олардың қатарында «Миа и монстры», «Моана», «Щенячий патруль: Динофильм» сияқты танымал мультфильмдер бар

Одан бөлек,  кинотеатрларда «Человек-паук: Новый день» және «Одиссея» фильмдерінің көрсетілімдері жалғасып жатыр.

Айта кетейік, фильмдердің көрсетілім уақыты кинотеатрға қарай өзгеруі мүмкін. Сондықтан сеансқа бармас бұрын кинотеатрлардың афишасын қарап алған жөн.

Басқа жаңалықтар

Back to top button