Жаңалықтар
Өскемен тұрғынын 3 млн теңгеге алдап кеткен

Қала тұрғыны медициналық университетке оқуға түсіруге көмектесемін деген адамға сеніп, үш миллион теңгесінен айырылды.
–Күдікті өзін басқа есіммен таныстырып, жәбірленушіге университетке түсуге көмектесемін деп уәде еткен. Сенген жігіт оған қажетті құжаттары мен үш миллион теңге берген,- деп хабарлады полиция департаменті.
Алайда уәде орындалмаған. Құжаттар университетке тапсырылмай, жәбірленуші оқуға түсе алмаған. Ал күдікті ақшаны қайтармаған.
Қазір алаяқтық бойынша қылмыстық іс қозғалды.



