Жаңалықтар
Мектептерде оқушылар дрон басқаруды үйренеді

Жаңа оқу жылында мектептерде бастапқы әскери дайындықтың жаңартылған бағдарламасы енгізілді.
Енді сабақтарда теориямен қатар практикалық дайындыққа да көңіл бөлінеді. Оқушылар дрондардың қалай жұмыс істейтінін және оларды басқаруды үйренеді.
Жаңа бағдарламаға тактикалық, медициналық, инженерлік дайындық, бағдарлау, әскери техника мен заманауи технологияларды пайдалану негіздері кіреді. Сонымен қатар оқушылар төтенше жағдайларға дайындық бойынша білім алады.
10-сынып оқушылары ата-анасының келісімімен пневматикалық мылтық немесе лазерлік қашықтықтан ату жаттығуларына қатыса алады. Барлық жаттығу қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып, арнайы жабдықталған орындарда өтеді.



