Классикадан ұлттық өнерге дейін:Өскеменде қайда баруға болады?

Күздің қоңыр салқынында уақытыңызды пайдалы әрі көңілді өткізгіңіз келсе, осы аптада Өскеменде түрлі мәдени кештерге баруға мүмкіндік. Классикалық музыкадан бастап, заманауи симфониялық концерттер мен ұлттық өнерге дейін түрлі бағдарламалар көрерменге жол тартады. Төменде жақын күндері қалада өтетін қызықты кештерді ұсынамыз.
Классикалық музыка кеші
7 қазан, сағат 18:30-да облыстық филармонияда классикалық музыка кеші өтеді.
Кеш барысында халықаралық байқаулардың жүлдегері, жас скрипкашы Сағадаттың орындауында Паганини мен Бетховеннің шығармалары шырқалады. Сонымен қатар көрермендер Т. Қажғалиевтің «Қыз қуу» симфониялық күйін тыңдай алады.
Классикалық музыканы сүйетіндер үшін бұл кеш — жанды орындауды тамашалап, танымал композиторлардың шығармаларын тыңдауға мүмкіндік.
«NE PROSTO ORCHESTRA»: Ханс Циммер музыкасы
8 қазан, сағат 18:30-да Металлургтер мәдениет сарайында «NE PROSTO ORCHESTRA» концертіне келуге болады.
Ханс Циммердің музыкасы — жай ғана саундтрек емес. Оның шығармалары санаулы секундтың ішінде көрерменді сүйікті фильмдеріне қайта оралтып, экрандағы ең әсерлі сәттерді қайта сезінуге мүмкіндік береді.
Бұл жолы әйгілі композитордың туындылары симфониялық оркестр, хор және солистердің жанды орындауында шырқалады.
Аға буынға арналған би кеші
8 қазан, сағат 11:00-де «Асқартау» мейрамханасында зейнеткерлерге арналған мерекелік би кеші өтеді.
Аблакетка шағынауданының аға буын өкілдері үшін арнайы бағдарлама әзірленген. Қонақтар сүйікті әндерін тыңдап, мерекелік көңіл күйге бөленіп, кеш соңында ретро дискотекада би билей алады.
Марқакөл ауданының мәдени концерті
9 қазан, сағат 17:00-де облыстық филармония сахнасында Марқакөл ауданының өнерпаздары өнер көрсетеді.
Көрермендерге би мен ұлттық өнерді қамтитын арнайы бағдарлама әзірленген. Марқакөлдің өнерпаздары өңірдің мәдениеті мен дәстүрін сахна төрінде таныстырады.
«Шығыс Салбурыны – 2026»
9-10 қазан аралығында Бозанбай ауылында «Шығыс Салбурыны – 2026» өтеді. Биыл алғаш рет бағдарлама аясында Азия кубогі жарысы ұйымдастырылмақ.
Екі күн бойы құсбегілер сайысы, тазы жүгірту, жамбы ату және ұлттық ойындар бойынша бәсекелер қыза түседі. Көрермендер саятшылық өнердің қыр-сырын тамашалап, ұлттық спорттың тартысты сәттеріне куә болады.


