ЖаңалықтарМәдениет

Ернар Амандық Өскеменде жеке концертін береді

1 қараша күні Өскемен қаласында қазақстандық әнші Ернар Амандықтың концерті өтеді.

Ернар Амандық соңғы жылдары қазақ музыкасының тыңдармандары арасында кеңінен танылып келеді. Оның махаббат, сағыныш пен адам сезімдері туралы сыр шертетін әндері көпшіліктің көңілінен шыққан.

Концерт бағдарламасында тыңдармандардың сүйікті туындыларына айналған «Бәрібір», «Сен арманыма» және «Жүрегіммен ойнасаң» әндері орындалады. Сонымен қатар көрермендерге жаңа композициялар да ұсынылады.

Әншінің шығармашылығында «Кейіпкер», «Мені күт», «Сенен кейін», «Sen Kelgeli» және «Жарығым» секілді танымал әндер де ерекше орын алады.
Концерт билеттерін Kino.kz сайты (https://kino.kz/ru/concert/event/7996) арқылы сатып алуға болады. Кештің басталу уақыты, билет бағасы және өзге де толық ақпаратты әншінің әлеуметтік желідегі ресми парақшасынан білуге болады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button