Жаңалықтар

Өскеменде 90 мың тонна көмір сатылды

Өскеменде қысқа дайындық жүріп жатыр. Қала тұрғындарына қажет 155 мың тонна көмірдің 90 мың тоннасы сатылды.

Қазір қаладағы алты көмір қоймасында 5 265 тонна отын бар. Тағы 40 вагон көмір жолда келе жатыр.

Қалада шамамен 29 500 жеке үй бар. Оның 24 500-і көмірмен жылытылады.

Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі басшысының орынбасары Рашид Шерубаевтың айтуынша, көмірдің бір тоннасы 17 700–18 000 теңге аралығында сатылып жатыр.

Ал әлеуметтік осал топтарға көмір жеңілдетілген бағамен ұсынылады. Олар үшін бір тонна отынның құны 17 200–17 500 теңге аралығында.

Сондай-ақ тұрғындарға көмір жеткізу үшін әлеуметтік тариф қарастырылған. Бұл қызметті пайдалану үшін жергілікті әкімшілік орталықтарына хабарласу қажет.

Басқа жаңалықтар

Back to top button