Басты жаңалықЖаңалықтар

Өскемендегі ипподром құрылысы тоқтады.Неге?

Өскеменде салынып жатқан ипподромның құрылысы уақытша тоқтады. Биыл нысанға қаржы бөлінбегендіктен, жұмысты аяқтау 2027 жылға жоспарланып отыр.

Қалалық құрылыс бөлімінің мәліметінше, ипподромның құрылысы былтыр маусым айында басталған. Қазір қазба жұмыстары аяқталған.

Жобаны «DK Proekt» ЖШС жүргізіп жатыр. Ипподромның жүгіру жолының ұзындығы 2 200 метр болады. Ал трибуналар 423 көрерменге арналған.

Құрылыстың жалпы құны 1 миллиард 462 миллион 936 мың 550 теңгені құрайды. Жоба облыстық және қалалық бюджет есебінен қаржыландырылады.

Құрылыс аяқталғаннан кейін ипподром облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының қарамағына беріледі.

Қалалық құрылыс бөлімінің хабарлауынша, биыл қаржы қарастырылмаған. Сондықтан құрылыс келесі жылға шегеріліп, нысанды 2027 жылы аяқтау жоспарланып отыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button