Басты жаңалықДенсаулықЖаңалықтар

ШҚО-да тұмау жұқтырғандар саны азайды

Өңірде биыл ЖРВИ (жіті респираторлық вирустық инфекция) жұқтырғандар саны өткен жылмен салыстырғанда 35,6%-ға төмендеді.Бұл туралы облыстық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті хабарлады.

Биыл өңірде жіті респираторлық вирустық инфекцияның 5419 жағдайы тіркелді. Былтыр бұл көрсеткіш 8350 болған.

Ауырғандардың 3010-ы – 14 жасқа дейінгі балалар. Оның ішінде бір жасқа толмаған 89 бала бар. Сондай-ақ жүкті әйелдер арасында 28 жағдай анықталды.

ЖРВИ диагнозымен 17 адам ауруханаға жатқызылды. Олардың үшеуі – бір жасқа дейінгі балалар. Ал пневмониямен 12 адам ауруханаға түсті. Олардың 10-ы – 14 жасқа дейінгі балалар.

Зертханалық тексеру кезінде риновирустың үш, маусымдық коронавирустың екі және аденовирустың бір жағдайы анықталды.

Мамандар тұрғындарға аурудың алдын алу үшін қолды жиі жуып, бөлмелерді желдетіп тұруға кеңес береді. Ал ауру белгілері байқалса, дәрігерге қаралған жөн.

Басқа жаңалықтар

Back to top button