ДенсаулықЖаңалықтар
Өскеменде көзді тегін тексертуге мүмкіндік бар

24 қазанда Өскеменде тұрғындарға арналған «Көру күні» атты шара өтеді. Бұл туралы қала әкімдігі хабарлады.
Шара Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде сағат 12:00-ден 18:00-ге дейін ұйымдастырылады.
Қатысушылар көздерін тегін тексертіп, дәрігер-офтальмологтердің кеңесін ала алады. Сонымен қатар көз саулығын сақтау және көз ауруларының алдын алу туралы дәрістер өткізіледі.
Қатысушылар саны шектеулі болғандықтан, алдын ала тіркелу қажет.
Тіркелу үшін +7 705 216 0355 нөміріне қоңырау шалуға немесе WhatsApp арқылы хабарласуға болады.



