ЖаңалықтарСпорт

Өскеменде футболдан республикалық турнир өтеді

23–25 қазан күндері «Восток» стадионында Бердібек Сапарбаевты еске алуға арналған футболдан IV республикалық турнир өтеді.

Жарысқа әуесқой командалар қатысып, үш күн бойы жеңімпаз атағы үшін бақ сынайды. Көрермендер тартысты ойындарды тамашалай алады.

Турнирдің жалпы жүлде қоры – 1 миллион 800 мың теңге.

Жеңімпаз командаға 1 миллион теңге беріледі. Екінші орын алған команда 500 мың теңге, ал үшінші орын иегері 300 мың теңге сыйақы алады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button