ЖаңалықтарСпорт

ШҚО спортшылары Әлем кубогында алтын иеленді

Облыстың семсерлесушілері халықаралық жарыста жоғары нәтиже көрсетті. Қазақстанның ерлер құрамасы Мароккода өткен Әлем кубогында алтын медаль жеңіп алды.

Қазақстан құрамасы финалда Ресей спортшыларын 45:40 есебімен жеңді. Ұлттық құрама сапында өңір спортшылары Кирил Павлов, Кирилл Проходов және Вадим Шарлаимов өнер көрсетті.

Жарыс барысында қазақстандық семсерлесушілер Түркия, Гонконг, Мысыр және Франция құрамаларын да жеңіп, бес кездесудің барлығында жеңіске жетті.

Бұл жеңіс — қазақстандық спортшылардың жоғары дайындығы мен шеберлігінің нәтижесі. Сонымен қатар өңір спортшыларының халықаралық аренадағы жетістігі Шығыс Қазақстан үшін үлкен мақтаныш.

Басқа жаңалықтар

Back to top button