Басты жаңалықЖаңалықтарСпорт

«Торпедо» «Алматыны» 9:1 есебімен жеңді

Өскеменнің «Торпедо» хоккей командасы Қазақстан чемпионаты аясында Алматының аттас командасын 9:1 есебімен жеңді.

Кездесу барысында ойыншылар арасында бірнеше рет төбелес болды. Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбалардың бірінде «Торпедо» ойыншысы Марат Сағымбаевтың «Алматы» шабуылшысы Петр Яковлевке бірнеше рет соққы жасаған сәті көрсетілген.

Ойын бойы өскемендіктер қарсылас қақпасына 51 рет соққы бағыттаса, алматылықтар 19 рет шабуылдады. «Торпедо» үш голды қарсылас команда ойыншысы айып алған кезде, яғни сан басымдығын пайдаланып соқты.

Командалар бүгін кешкі сағат 19:30-да тағы да кездеседі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button