Спорт
Басты тақырып

Әлемдік дода алдында: Қазақстан көкпаршылары жеңіске сақадай сай!

Қырғыз Республикасының Ыстықкөл өңірінде VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді. Әлемнің әр түкпірінен спортшылар бас қосатын дүбірлі додада Қазақстан ұлттық құрамасы көкпардан ел намысын қорғайды.

Бас жаттықтырушы Нұрдәулет Момынов жетекшілік ететін ұлттық құрама жауапты жарысқа тас түйін дайын. Дайындық кезеңінде көкпаршылардың физикалық төзімділігіне, тактикалық шеберлігіне және командалық үйлесімділігіне ерекше көңіл бөлінді.

1 қыркүйекте көкпар бәсекесіне қатысатын құрамалардың жеребе тарту рәсімі өтіп, топтық кезеңдегі қарсыластары анықталады.

2 қыркүйекте топтық кезеңнің алғашқы кездесулері басталып, командалар жеңіс жолындағы тартысты бәсекеге түседі.

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары — ұлттық спорттың мерейін асырып, әлемдік деңгейдегі беделін арттыратын маңызды дода. Қазақстан көкпаршылары бұл бәсекеде жоғары нәтиже көрсетіп, ел сенімін ақтауға бар күш-жігерін жұмсамақ.

Бас демеуші: «Самұрық-Қазына» қоры

Бас серіктес: Спортты қолдау қоры

Басқа жаңалықтар

Back to top button