Жаңалықтар
ШҚО-да күн суытады

«Қазгидромет» 22–24 қазан аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады.
Ел аумағына суық антициклон жылжып, жауын-шашын тоқтайды. Алдымен батыс өңірлерде, кейін басқа аймақтарда ауа температурасы төмендейді.
Солтүстік және шығыс облыстарда түнгі ауа температурасы +5 градусқа дейін жылы көрсеткіштен −5–10 градус аязға дейін төмендеуі мүмкін.
Осыған байланысты тұрғындарға күннің күрт суытуына дайын болып, жылы киінген жөн.


