Жаңалықтар
Өскеменде жаңа балабақша ашылды

«Защита» шағын ауданында «Aksunkar Land» балабақшасы ашылды. Мектепке дейінгі ұйым Республика күніне орай пайдалануға берілді.
Балабақшада балалар қазақ және орыс тілдерінде тәрбиеленеді.
Қазір мекеме мемлекеттік білім беру тапсырысын алу үшін қажетті құжаттарды жинап жатыр. Қараша айында конкурс аяқталған соң, балаларды қабылдау басталып, тәрбиеленушілер тобы жасақталады.



