Басты жаңалық
Зайсаннан Үрімшіге қашан ұшамыз?

Зайсанда салынып жатқан халықаралық әуежай 2026 жылдың мамыр айынан бастап өз жұмысын бастайды деп күтілуде. Бұл туралы аудан әкімі Аэлита Ахметсәлімқызы хабарлады.
Аудан басшысының айтуынша, әуежайда келушілер үшін барлық жағдай қарастырылған. Жаңа әуежай Зайсан – Астана, Зайсан – Алматы және Зайсан – Үрімші бағыттарында халықаралық рейстерді жүзеге асырады.
-
Сондай-ақ, жаңа әуежайға мамандарды даярлау мақсатында жарнамалық іс-шаралар ұйымдастырылып, 30-дан астам адам Өскемен қаласына оқуға жіберілді, – деді Аэлита Ахметсәлімқызы.



