Жаңалықтар

ШҚО-да жылу көздері күшейтілген режимде жұмыс істеп тұр

Алдағы күндері Шығыс Қазақстан облысында аяз күшейеді. Синоптиктердің болжамына сәйкес, ауа райының күрт суытуына байланысты өңірде бірқатар алдын алу шаралары қабылданды.

Облыс әкімі Нұрымбет Сақтағановтың тапсырмасымен тұрғын үйлерді, әлеуметтік нысандарды және кәсіпорындарды үздіксіз жылумен қамтамасыз ету мақсатында өңірдегі барлық жылу электр орталықтары күшейтілген жұмыс режиміне көшірілді.

Қатты аяз кезінде жылу көздеріне түсетін жүктеме артып, жеке тұрғын үйлерде пеш жағу жиілейтіні белгілі. Осыған байланысты пеш жабдықтарын қауіпсіз әрі дұрыс пайдалану мәселесіне ерекше назар аударылуда. Төтенше жағдайлар қызметі тұрғындарды өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырады.

Сонымен қатар Шығыс Қазақстан облысының Экология департаменті аязды күндері желдің әлсіз болуына байланысты қоршаған ортаның жай-күйіне тұрақты мониторинг жүргізіп жатыр. Атмосфералық ауаның сапасы мамандардың бақылауында.

Басқа жаңалықтар

Back to top button