Жаңалықтар

Өскеменде сенбілік өтіп жатыр

Бүгін Өскеменде «Таза Қазақстан» акциясы аясында сенбілік ұйымдастырылды. Қала тазалығына әр сала өкілдері белсенді қатысуда.

Сенбілік бірнеше аумақта өтті. Атап айтқанда, 30 Гвардиялық дивизия, Астана және Протозанов көшелерінде тұрғындар мен мемлекеттік қызметкерлер қоқыс жинап, айналаны тазартты.

Протозанов көшесінде облыс әкімдігі аппаратының қызметкерлері жұмыс істеді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай сенбіліктер 30 мамырға дейін жалғасады.

Сондай-ақ акцияға 60-тан астам адам қатысқан. Қатысушылар қала тазалығын сақтау әр тұрғынның міндеті екенін атап өтті.

Айта кетейік, Өскеменде көктем мезгілінде сенбілік өткізу дәстүрге айналған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button