Басты жаңалық

Өскемендегі жер үйлердің бірінде пеш жарылды

Бүгін Өскеменнің 28-ықшам ауданында электр желісінің істен шығуы салдарынан пеш жарылды.

Қала әкімі Алмат Ақышев оқиға орнына барып, жауапты мамандарға тапсырмалар берді.

Зардап шеккен отбасыға уақытша тұрғын үй берілетін болды. Әкімдіктің мәліметінше, ықшам ауданда электр желісіндегі мәселе 10 күн ішінде толық қалпына келтіріледі.

Жарылыс кезінде үйде болған тұрғындар медициналық тексеруден өтуде. Алдын ала ақпаратқа сәйкес, ауыр жарақаттар анықталған жоқ. Жағдай бақылауда.

Басқа жаңалықтар

Back to top button