Басты жаңалықЖаңалықтар

Өскеменде жаңа автобус бағыты ашылды

Өскеменде тұрғындарға ыңғайлы болу үшін жаңа №9 автобус бағыты іске қосылды. Бұл бағыт Әуежай мен КШТ аумақтарын байланыстырады. Енді бұл бағытта экологиялық таза электробустар жүреді.

Жаңа бағыт әсіресе Әуежай және Прохладная аудандарының тұрғындары үшін тиімді болды. Бұған дейін қала орталығына баратын автобустар сирек жүретіндіктен, адамдар көбіне №12 автобусымен жүретін. Соның салдарынан ол автобус қарбалас уақытта қатты толып кететін.

Енді №9 бағыттың ашылуы жолаушыларға ыңғайлы жағдай жасап, қоғамдық көліктегі жүктемені азайтады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button