Жаңалықтар
Риддер жасыл желекке орануда!

Бүгін Риддер қаласының тұрғындары «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында өткен жалпықалалық сенбілікке белсене қатысты.
Қалада 20 мыңнан астам ағаш отырғызылды.Бұл көгалдандыру мен экологиялық ахуалды жақсарту жолындағы маңызды қадам болды.
Акцияға еңбек ұжымдары, жастар, қоғамдық бірлестіктерді өкілдері және қала тұрғындары қатысты. Барлығы бірлесіп аумақтарды тазалап, аулалар мен қоғамдық орындарды ретке келтірді. Соның нәтижесінде қала бұрынғыдан да таза, көрікті әрі жайлы бола түсті.
Осындай игі бастамалар бірлескен күш-жігердің нақты нәтижеге жеткізетінін және туған өлкені келер ұрпақ үшін көркейте түсудің маңызын айқын көрсетеді.



