Жаңалықтар

Күршімде көгалдандыру жұмыстары жалғасып жатыр

Күршім ауданында «Таза Қазақстан» акциясы аясында ағаш көшеттері отырғызылды. Шараға тұрғындар, мекеме қызметкерлері мен белсенділер қатысып, туған жерді көгалдандыруға үлес қосты.

«Бұл шараның басты мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, елді мекендерді көгалдандыру және экологиялық мәдениетті қалыптастыру», — деді аудан әкімінің орынбасары Алмас Ижимов.

Жалпы, аудан бойынша 100 терек пен 50 шырша отырғызу жоспарланған.

Одан бөлек, Юбилейный ауылында жаңа пайдалануға берілген 16 тұрғын үйдің маңын абаттандыру жұмыстары да назардан тыс қалмады. Бұл аумаққа 70 терек пен 10 шырша отырғызылды. Ал орталық саябаққа 70 терек көшеті егілді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button