Жаңалықтар
«Қазцинк» қызметкерлері сенбілікке шықты

«Қазцинк» компаниясы Президенттің «Мөлдір бұлақ» бастамасын қолдап, зауыт маңында сенбілік ұйымдастырды.
Іс-шараға ондаған қызметкер қатысып, қыс мезгілінен кейін аумақты тазартты.
—Мұндай бастамаларды қолдау ұжым үшін маңызды және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға ықпал етеді,-деді металлургия жөніндегі атқарушы директор Тимур Тоқжігітов.
Сенбіліктің нәтижесінде жүздеген қап қоқыс жиналды.
Компания өкілдерінің айтуынша, мұндай шаралар табиғатты қорғауға және ұжымды біріктіруге көмектеседі.



