Жаңалықтар
100 мыңнан астам адам сенбілікке қатысты—ШҚО

Бүгін «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында облыста ауқымды тазалық жұмыстары ұйымдастырылды.
Акцияға 100 мыңнан астам адам қатысты.Оның ішінде ірі кәсіпорындардың 25 мың қызметкері тұрғындармен бірге аумақтарды тазалап, ағаш отырғызып, елді мекендерді абаттандыруға үлес қосты. Сонымен қатар, облыс жоғары оқу орындарының 2 мың студенті белсенділік танытты.
Жалпы 30 мыңнан астам көшет отырғызылып, тазалық жұмыстарына 250-ден астам техника жұмылдырылды.
Бір күн ішінде 1100 тонна қоқыс шығарылып, 1500 гектардан астам аумақ тазартылды.
Мұндай игі шаралар өңірдің тазалығы мен экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған.



