Жаңалықтар
Жаңа жол айрығының құрылысы қашан аяқталады?

Өскеменде екі деңгейлі жаңа жол айрығының құрылысы жалғасып жатыр. Жоба екі кезеңнен тұрады: алғашқысы – бірнеше көшені байланыстыратын айналма жол салу, ал екіншісі – негізгі даңғылдарды қосу.
Құрылыс жоспарына сәйкес, айналма жолдағы жұмыстар мамыр айының соңына дейін аяқталады. Ал 1 маусымнан бастап Сәтбаев даңғылы уақытша жабылады.
Жалпы, жаңа жол айрығын 25 қазанда пайдалануға беру көзделіп отыр.



