ЖаңалықтарҚылмыс

Заңсыз қару сақтағандар ұсталды

Өңірде полицейлер қару иелеріне тексеру жүргізді. 21-24 сәуір аралығында өткен «Қару» жедел шарасы кезінде 1500-ден астам адам қамтылды.

Тексеру барысында қаруды сақтау және қайта тіркеу ережелерін бұзған 18 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар заңсыз сақталған бір атыс қаруы тәркіленді.

Полиция қызметкерлері тұрғындарды қару сақтау талаптарын қатаң сақтауға шақырып отыр. Заңға сәйкес, заңсыз қаруды өз еркімен тапсырғандар жауапкершіліктен босатылады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button