ЖаңалықтарҚылмыс
Есірткі, жол, жүргізуші: Глубокое кентіндегі оқиға

Бүгін Глубокое кентінде патрульдік полиция қызметкерлері «ВАЗ-2101» көлігін тоқтатып, тексеру жүргізді.
Құжаттарды тексеру кезінде көлік жүргізген 31 жастағы ер адамның қаңтар айынан бастап 7 жылға көлік басқару құқығынан айырылғаны белгілі болды.
Медициналық сараптама қорытындысына сәйкес, жүргізушінің есірткілік масаң күйде болғаны анықталды.
Қазіргі уақытта автокөлік арнайы тұраққа қойылды, ал жүргізушіге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.



