ЖаңалықтарҚылмыс
Өскеменде маньяк пайда болғаны рас па?

ADK сауда орталығының маңынан ер адамның денесі табылды. Бұл ақпаратты облыстық Полиция департаменті растады.
Әлеуметтік желіде тараған мәліметке сүйенсек,ер адамның денесі бұрын «Бәйтерек» болған аумақта табылған.
Сондай-ақ, осы жағдайдан кейін әлеуметтік желіде «қалада маньяк пайда болды» деген түрлі жазбалар тарады. Алайда полиция бұл ақпаратты жоққа шығарды.
Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын басталды. Оқиғаның мән-жайын анықталып жатыр.
Полиция өкілдерінің айтуынша, марқұмның жеке басы мен өлім себебі әлі анықталуда. Тиісті сараптамалар жүргізіліп жатыр.
Тәртіп сақшылары тұрғындарды тек ресми ақпаратқа сеніп, сабыр сақтауға шақырды.



