Жаңалықтар
Мәке дейтін официантты танисыз ба?
Өскемендегі «MOTI» кофеханасында келушілерді әдеттегі даяшылар емес, «Мәке» атты робот қарсы алады.
Роботтың негізгі міндеті – тапсырыстарды үстелдерге жеткізу. Яғни, клиент заказ бергеннен кейін «Мәке» дайын тағам мен сусынды қажетті үстелге өзі апарады. Ол арнайы бағдарлама арқылы қай үстелге бару керегін анықтап, дәл жеткізеді.
Сонымен қатар, роботтың қозғалысы қауіпсіздікке бейімделген: жолында кедергі болса, тоқтап немесе айналып өтеді.
Кофехана иесі роботтың нақты нұсқасы мен бағасы туралы ақпаратты жарияламауды жөн көрді.
Қалай болғанда да, «Мәке» – қызмет көрсету саласындағы жаңа технологиялардың бір көрінісі. Енді кофеге келсеңіз, сізді адам емес, робот күтіп алуы әбден мүмкін.



